Қаржы саласында жаңа реформа. Елімізде қоғамдық сектор үшін халықаралық қаржы стандарттарына сәйкес есептеу әдісіне өзгерістер енгізілді. Бұдан былай  қаржы органдарының  бухалтерлік есеп және қаржылық есеп жүйесі жаңаша қызмет түріне көшпек.

 

Жаңа реформа  көшпелі семинарда сараланды.  Оған ҚР Қаржы министрлігі қызметкерлері, басқармалар мен аудандық, ауылдық әкімдіктердің  бухалтер мамандары қатысты.

 

Семинар барысында бухалтерлік қызмет мамандарына есептік процестердің ашықтығы, қаржылық есепті жасау, мемлекеттік мекемелерде жүзеге асырылатын қаржылық  операциялар бойынша мәселерді  нақтылап түсіндірді.  Қазіргі таңда «е-Қаржымині»  электронды жүйесі  қалыптаса бастады. Бұған дейін жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшіліктерінде әртүрлі мәселелер туындап келген болатын. Сондықтан да жаңа реформаны жергілікті мамандарға жеткізу үшін осындай көшпелі семинарлардың маңызы зор – дейді мамандар.