25 қыркүйек 2019

ҚР Үкіметінің  «Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» 2015 жылғы 30 желтоқсандағы №1141 қаулысына сәйкес, облыстық коммуналдық меншіктегі 9 коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын, 1 акционерлік қоғамның 100 пайыз мемлекеттік пакет акциялары кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берілді.

 

Сенімгерлік басқаруға берілген кәсіпорындар 2018 жылдың қорытындысы бойынша 249 373,0 мың теңге табыспен шықты. Сенімгерлік басқаруға берілгенге дейін кәсіпорындар жалпы сомасы – 11 086,0 мың теңге шығынмен шыққан болатын.

 

Сонымен қатар, кәсіпорындарға сенімгерлік басқарушылардың тарапынан жалпы сомасы 655 207,0 мың теңге инвестиция салынды. Олар, ғимарат құрылыстары, құрал-жабдықтарды сатып алу, ғимаратқа күрделі және ағымдағы жөндеулер және т.б.