Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 129 бабының 3-1 тармағына сәйкес, облыстың әкімдігі «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылатын қоғамдық кеңестің отырысында облыстық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті талқылауды жүргізеді.

 

Осыған байланысты, ағымдағы жылдың 14 тамызында 2018 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы туралы есебін талқылау бойынша облыстық қоғамдық кеңестің отырысы өткізіліп, отырысқа қоғамдық кеңес мүшелері, облыстық басқарма басшылары қатысты.

 

Отырыстың регламентіне сәйкес, облыс әкімдігінің қаржы басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы – басшының орынбасары Б.Әкектің 2018 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы туралы есебі және қоғамдық кеңес хатшысы И.Дастанның облыстық бюджеттің игерілмеген қаржылары туралы баяндамасы тыңдалды.

 

Қоғамдық кеңес мүшелері елеусіз сомадағы игерілмеген қаражаттар бойынша жауапты басқарма басшыларының есептерін тыңдап, жалпы бюджеттің атқарылуы бойынша көрсеткіштерді жақсы деп танып, бюджет қаржысының игерілуіне мониторинг жүргізу жұмысына  қоғамдық кеңестің қатысуын арттыру бойынша қосымша ұсынымдар енгізді.

 

2018 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы туралы анықтама >>>