Бүгін, облыс әкімдігінің қаржы басқармасының басшысы Р.Исаева облыстық мәслихаттың экономика, қаржы, бюджет және жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының (бұдан әрі – Комиссия) отырысында 2018 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы туралы есеп берді.


Сонымен қатар, Комиссияның отырысында облыстық тексеру комиссиясы төрағасының міндетін атқарушы Ж.Жапаровтың тексеру комиссиясының 2018 жылы атқарған жұмыстары және облыстық бюджеттің атқарылуының қорытындылары туралы, облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары Н.Жолдасбекованың 2018 жылғы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы баяндамалары тыңдалды.


Комиссия отырысының қорытындыларына сәйкес, 2018 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы туралы есебі мақұлданып, облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында қарауға және бекітуге ұсынылды.

 

2018 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы туралы анықтама >>>