Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы басқармасының құрылу тарихы


Халық комиссарлар кеңесінің жалпы орталық атқару комитетінің және ресей федеративтік советтік республикасының тиісті заңнамаларына сәйкес 1920 жылдың  26 тамызында Қазақ АССР құрылды, сол кезде мемлекеттік басқармалар, органдар және  халық шаруашылығы басқармасы республикада қалыптастырыла  бастады, халықтық комиссарлар кеңесінің жалпы орталық атқару комитетінің бақылауымен мемлекеттік және жергілікті бюджетті қалыптастыру, басқару, қадағалау қаржылық мекемелерді жүйелендіру үшін солардың ішінде аса маңыздысы экономиканы қалыптастырушы халықтық қаржы комиссарияты құрылды.


Жамбыл облыстық кеңесінің еңбекші депутаттарының 1 сессиясының бірінші шақырылымында 1940 жылы 9 қаңтарда Жамбыл облыстық қаржы  бөлімі құрылды. Жамбыл облыстық қаржы бөлімінің меңгерушісі болып Самуилов Николай Федорович болып бекітілді.


Сол жылдардан бері  Жамбыл облыстық  қаржы бөлімін Шиллинг Аркадий Андреевич, Шакаев Бельгибай Шакаевич, Кусайнов Турсынбек Кусаинович, Лизина Анна Сергеевна, Абишев Мурсалим Абишевич, Спамбетова Каджан Алдабергеновна, Алиев Асылхан Нуркеевич, Сапаралиев  Жумабек Сапаралиевич, Аманбеков Болат Аманбекович, Иманалиев Бакытбек Зубайраевич, Календеров Нуржан Сабитович, Манжуов Ерқанат Нұрбапаевич басқарған және қазіргі таңда Қырықбаев Асқар Санатұлы басқаруда.


Осы кезеңдерде Жамбыл облыстық  қаржы бөлімі бірнеше рет бүкіл одақтық жарыстарда КСРО-ның және Қазақ ССР-нің қаржы министірлітерінің   Қызыл ту және Құрмет дипломдарымен марапатталды.


Жамбыл облысы әкімінің 2004 жылғы 29 желтоқсандағы №341 қаулысымен Жамбыл облысы әкімиятының қаржы департаменті мемлекеттік мекемесі болып атауы өзгертіліп қайта тіркеліп бюджеттік жоспарлау саласы облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау департаментіне берілді сондай ақ коммуналдық меншікті басқару және ұйымдастыру жұмыстары қаржы департемнтіне берілді.


Жамбыл облысы әкімінің 2008 жылғы 25 сәуірдегі № 138 қаулысымен Жамбыл облысы әкімиятының қаржы басқармасы мемлекеттік мекемесі болып атауы өзгертіліп қайта тіркелді.


Жамбыл облысы әкімінің 2009 жылғы 29 сәуірдегі №141 қаулысымен Жамбыл облысы әкімдігінің  қаржы басқармасы мемлекеттік мекемесі болып атауы өзгертіліп қайта тіркелді.


Жамбыл облысы әкімінің 2011 жылғы 25 тамыздағы №267 қаулысымен Жамбыл облысы әкімдігінің  қаржы басқармасы коммуналдық  мемлекеттік мекемесі болып жаңа редакцияда қайта бекітілді.


Мекеме мемлекеттік басқару және бақылау функцияларын орындауға уәкілеттік берілген мемлекеттік орган болып табылады.


Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын әкімдер және атқарушы органдар аппаратының штаттық сан лимиттерін бекіту туралы Жамбыл облысы әкімінің 2010 жылғы 1 қарашадағы №302 қаулысына сәйкес басқарманың штат саны 31 бірлікте бекітілді. Кәзіргі таңда басқармада 31 мемлекеттік қызметкер жұмыс атқарады.


Мекенжай: 080012, Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі 78. Тел. 455311факс 450726, Эл.почта  Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.