Исаева Роза Әбдірқызы 

(Басқарма басшысы)

Исаева Роза Әбдірқызы 1961 жылы туылған, білімі жоғары, 1986 жылы Алматы халық шаруашылық институтын «қаржы және несие», 2003 Қазақ гуманитарлық-заң университетін «құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген. 1988-1990 жылдары Кентау қаласының қаржы бөлімінің бас салықтық ревизор-инспекторы, 1990-1998 жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласы және Дзержинск ауданы бойынша мемлекеттік салықтық инспекциясының мемлекеттік салық аға инспекторы, бөлім басшысының орынбасары, 1998-2000 Шымкент қаласы Салық комитетінің секторы меңгерушісі, бас салық инспекторы, бөлім басшысы, 2000-2011 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Салық комитетінің аудит бөлімінің басшысы, аудит басқармасының басшысы, төраға орынбасары, 2011-2015 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының қаржы басқармасының басшысы, 2015-2016 жылдары «Нұр Отан» Партиясының орталық аппаратының активтерді басқару департаментінің басшысы, қаржы және активтер департаментінің басшысы - аппарат басшысының орынбасары, 2016-2018 жылдары «ҚазАгро» Ұлттық басқару холдингі» АҚ-ның ішкі аудит қызметінің басшысы қызметтерін атқарған

 

Асатов Сакен Уашұлы

(Басқарма басшысының орынбасары)

1958 жылы 29 қыркүйекте Жамбыл облысы, Шу ауданы, Новотроицк ауылында дүниеге келген. Ұлты - қазақ.


Білімі жоғары. 1980 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін экономист мамандығы бойынша бітірген. 2005 жылдың 3 наурызынан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы басқармасы басшысының орынбасары лауазымын атқаруда.

 

 

Әкек Батырхан Базарбайұлы

(Басқарма басшысының орынбасары)

1976 жылы 12 сәуірде Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Кеңес ауылында дүниеге келген. Ұлты - қазақ.


Білімі жоғары. 1998 жылы Қазақ Ұлттық техникалық университетін өндірісті ұйымдастырушы-инженері (менеджер) мамандығы бойынша бітірген. 2011 жылдың 25 қазанынан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы басқармасы басшысының орынбасары лауазымын атқаруда.

 

 

Бөлім басшылары

Әбдіқапаров Әнуарбек Затыбекұлы


1968 жылы 5 қаңтарда Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Өрнек ауылында дүниеге келген. Ұлты - қазақ.


Білімі жоғары. 1992 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы институтын өсімдік қорғау мамандығы және 2008 жылы Отрар университетін экономист мамандығы бойынша бітірген. 2005 жылдың қаңтарынан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы басқармасының коммуналдық меншікті жекешелендіру және есепке алу бөлімінің басшысы лауазымын атқаруда.

 

 

Әлімжанов Ғалымжан Әлімжанұлы


1976 жылы 1 қаңтарда Қызылорда облысы, Жалағаш ауданында дүниеге келген. Ұлты - қазақ.


Білімі жоғары. 2001 жылы Қайнар университетін экономист мамандығы бойынша бітірген. 2013 жылдың 12 наурызынан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы басқармасының облыс бюджетінің атқарылуына мониторинг жүргізу бөлімінің басшысы лауазымын атқаруда.

 

 

Қасынбеков Сексен Тұрсынтайұлы


1984 жылы 18 қарашада Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Тегістік ауылында дүниеге келген. Ұлты-қазақ.
Білімі жоғары. 2005 жылы Тараз Мемлекеттік университетін қаржы және кредит мамандығы бойынша, 2014 жылы Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген. 2018 жылдың қыркүйегінен бастап құқықтық қамтамасыз ету, құжаттама және ұйымдастыру бөлімінің басшысы лауазымын атқаруда

 

 

Омаров Қуандық Әмзеұлы


1958 жылы 1 наурызда Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Билікөл ауылында дүниеге келген. Ұлты - қазақ.


Білімі жоғары. 1979 жылы Алматы мал шаруашылығы институтын зооинженер мамандығы және 2006 жылы Отырар (Қазақ-Араб) университетін экономист мамандығы бойынша бітірген. 2005 жылдың 12 желтоқсанынан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы басқармасының коммуналдық меншікті басқару бөлімінің басшысы лауазымын атқаруда.

 

 

 Сайлыбаева Толқын Сәтиқызы

 

Мен Сайлыбаева Толқын Сәтиқызы 1971 жылы 30 майда Жамбыл облысы, Талас ауданы Ақкөл селосында дүниеге келдім. 1978 жылы Ақкөл селосындағы орыс орта мектебіне 1 сыныпқа бардым. 1985 жылдан бастап әкемнің қызметінің ауысуына байланысты Талас ауданы Үшарал совхозында қазақ орта мектебіне барып, 1988 жылы бітіріп шықтым. Сол жылы Семей қаласындағы СФЭТ техникумына «Қаржы бакалавр» оқуына түсіп, 1990 жылы бітіріп шықтым. 1990 жылы Тараз қаласындағы орталық «Госстрахта» экономист және бухгалтер қызметтерін атқарып 1998 жылы ауыстым. 1998 жылы Жамбыл «КЭЧ» қонақ үйінде бас есепші болып қызмет атқардым. 1999 жылы ЭВМ курстарын аяқтадым. 2000 жылы «Возраждение 2030» ЖШС-де есепші болып 2003 жылға дейін қызмет атқардым. 2003 жылдан 2007 жылға дейін «Гамбург» ЖШС-те есепші қызметін атқардым. 2007 жылы Тараз қаласы әкімдігінің білім бөліміне есепші ретінде қабылдандым. Осы жылы жоғары оқу орнына түстім. 2008 жылы «Мемлекеттік қызмет туралы» заңына сәйкес «Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» КММ-де әкімшілік бөлімінің бас маманы болып 10 жыл қызмет атқардым. 2018 жылдың 25 қыркүйегінен бастап «Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы басқармасы» КММ-де есеп және есеп беру бөлімінің басшысы болып тағайындалдым.

 

 

Сапаралиева Эльмира Жұмабекқызы


1977 жылы 20 қарашада Жамбыл қаласында дүниеге келген. Ұлты - қазақ.


Білімі жоғары. 1998 жылы ТарМУ-ды халықаралық экономикалық қарым-қатынас мамандығы бойынша бітірген. 1999 жылдың қаңтарынан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы басқармасында қызмет атқаруда, 2013 жылдың 12 наурызынан мемлекеттік басқару және экономиканың нақты секторы бюджеттік бағдарламларын атқару бөлімінің басшысы лауазымын атқарады.

 

 

Тасқынова Айнұр Жақсымбетқызы


1974 жылы 1 тамызда Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Меркі ауылында дүниеге келген. Ұлты - қазақ.


Білімі жоғары. 1995 жылы Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтын халықаралық экономикалық қатынастар мамандығы бойынша бітірген. 1995 жылдың 7 тамызынан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы басқармасында қызмет атқаруда, 2013 жылдың 12 наурызынан бюджеттік бағдарламалардың атқарылуының тиімділігін бағалау бөлімінің басшысы лауазымын атқарады.